Тараз. 77news — Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қордай ауданының тумасы, жазушы Марал Ысқақбаймен кездесу өтті, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Келелі кездесу аудандағы Өтеген батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын  қоюдан басталды. Аталмыш шараға Қазақстан Жазушылар Одағының бірқатар мүшелері, ел ағалары арнайы келді. Келген қонақтардың арасында Тұңғышбай Жаманқұлов, Бексұлтан Нұрсекеев, Сейфулла Оспанов, Төлек Тілеуханов, Несіпбек Дәутайұлы да бар. Жиынға жиылған жазушының қаламдастары оның шығармаларынан үзінділер оқып, талқыға салды.

Сондай-ақ, басқосуда  аудан басшысы Болатбек Байқонысұлы жазушыны мерейтойымен құттықтап, «Ауданның құрметті ардагері» атағын берді.