Тараз. 77news — Тарихтың темірқазығы Түркістаннан көшпелі көрме Жамбыл жеріне келді. Түркістандық тарихи-мәдени-этнографиялық орталық мамандары жастарға рухани азық беретін жәдігерлерді жинақтап әкеліпті, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Көшпелі көрме Жамбыл жұртшылығының таңданысын туғызды. Әсіресе зергерлік әшекей бұйымдар көрменін басты жәдігері. Айталық, шекелік, шолпы, хан мен ханшаның отау жүзігі сынды 100-ден аса бұйымдар көрерменнің назарына ұсынылды. Сондай-ақ,  қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтан қалған құнды жәдігерлерде көрмеден орын тапты.

Көрме  жалғасы туристер жиі соғатын Қарахан кесенесінде көрсетілді. Құнды жәдігелер тарихи мекеннің  худжра бөлмелерінде жасақталыпты. Мұнда құмыра, сыныпкөздер, мыс тиындар қойылыпты.