Аузы берік жандардың жіберетін 17 қателігі

0
142

Бүгін — Оразаның алғашқы күні. Көпшілік адамдар Рамазанды құлшық айы ретінде емес демалыс уақыты секілді өткізіп жүр. Ораза —  жан мен тәннің тазаланатын мезгілі. Біз қасиетті кез жеткенде Алладан жасаған күнәларымыз үшін кешірім мен тозақ отынан сақтауды сұрады ұмытып жатамыз. Оның орнына біз Оразаны арықтаудың, жатып ұйықтаудың амалына айналдырып бара жатқандаймыз.  

Қасиетті айда ораза ұстаған жандардың жіберетін 17 қателігін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

  1. Тамақ пен сусынға деген көп мазасыздық. Бұл дегеніміз — аузы берік адамның күні бойы тамақты ойлауы. Ауыз бекіткен жан тек тамақты ғана ойламау керек, ол Құран оқып, діни сауатын ашуға да көңіл бөлуі керек.
  2. Шамадан тыс тамақ. Кейбір адамдар Ораза уақытында сәресі мен ауызашар кезінде шамадан тыс тамаққа тойып алады. Ал бұл сүннетке қайшы болып табылады екен. Бұл ретте Алла елшісі (с.а.у) былай деген еді: «Шынында да адам баласы өзінің асқазанына нашар нәрсені толтырған жоқ. Ол өзінің күшін арттыру үшін тамақтың біраз бөлігін жесе жеткілікті. Асқазанның үштен бір бөлігін тамаққа, екінші бөлігі — cу, үшінші бөлігін тыныс алуға қалдырсын деген. (Әт-Тирмизи 2380)
  3. Күні бойы ұйықтау. Енді бір адамдардың тобы толық күндерін (немесе үлкен бөлігін) ұйықтаумен өткізеді. Сонда осы қасиетті айда бізге ұйқы лайықты ма? Айтылмыш адамдар өз күндерін ұйқының құшағында өткізеді, олар жайлылық пен жеңілдікке құштарлықтың құлы болып табылады. Аштыққа шыдап, ұстамдылық көрсетудың орнына ұйқыны таңдайды. Ораза ұстаушының көп бөлігін ұйқымен өткізуі, оның тарапынан кеткен салғырттығы екендігі анық.
  4. Уақытты босқа өткізу. Рамазан айы — бұл үлкен қазына, біз рақым мен кешірім айының тез өтіп кеткенін байқамай қаламыз. Сол үшін әр минутын Аллаға бойұсынып, ғибадатпен өткізіп, оның разылығын алуға тырысуымыз ауадай қажет. Оның үстіне біздің кейбіріміз әр күнін бейнеойын ойнаумен, музыка тыңдап, ұнамсыз бейнедегі фильмдер мен бағдарламалар көрумен өткізетіні де жасырын емес. Алла сақтасын!
  5. Тыйым салынған нәрселерден тыйылмай Ораза ұстау. Көпшілігіміз өсектен, ұрыс-керістен, жәбірлеу мен түрлі жағымсыз әрекеттерден тыйылмай ораза ұстайды. Тіпті кейбірі харам нәрселермен айналысады, мәселен, ішімдік сатады, азғындыққа барады т.б. Қорыта айтқанда, соның барлығынан толыққанды тазару ұсынылады. Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде осы жөнінде тамаша түсіндірген: «Егер кімде-кім жалған сөйлеу мен басқа да істерден тыйылмаса, Алла сендердің тамақ пен судан бас тартқандарыңа мұқтаж емес» (Бұхари).
  6. Сәресіне немқұрайлы қарау. Пайғамбарымыз (с.а.у.) өміршең хадисінде: «Сәресін ішіңдер, онда берекет бар», — деген (Бұхари, Муслим). «Сіздердің оразаларыңыз бен Кітап иелерінің оразасындағы айырмашылық — сәресі кезіндегі тамақта» (таң атқанға дейінгі сәт) (Муслим). «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз қылды. Әрине, сақсынарсыңдар» (2,183).
  7. Ұйықтап қалған жағдайда, оразадан бас тарту. Кейбір адамдардың тобы ұйықтап қалса, ораза тұтуға қорқады. Бұл — жеңіл өмірге деген бейімділік пен қорқақтық. Егер сіз тамақтың кішкене артық бөлігін жемесеңіз несі қорқынышты? Сіз одан өліп қалмайсыз, қайта сіздің ақылыңыз денеңізден биік тұрсын. Есіңізге сақтаңыз, Аллаға деген сенім мен үміт барлығын жеңеді.
  8. Ақшам намазының уақытын тамақпен өткізіп алу. Азаннан кейін ішіп-жеуді жалғастыру, яғни, ақшам намазы шыққанға дейінгі аралықта. Кейбір адамдар аузын ашқан сәтте тәрелкесіне тамақты толтырып салып алып, тіпті ақшам намазының уағы шыққанға дейін жей береді. Шындығында, бұл — дұрыс әрекет емес. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеті бойынша оразасын ашқаннан кейін су ішіп, бірнеше құрма жегеннен соң бірден ақшам намазын орындауы тиіс.
  9. Дұғаның қабыл болу уақытын өткізіп алу. Оразашының дұғасы қабыл болатындығы баршамызға белгілі. Алла Елшісі (с.а.у.): «Үш түрлі адамның дұғасы қабыл болады. Әкесінің балалары үшін жасаған дұғасы, оразашының ауыз ашқандағы дұғасы және жолаушының жасаған дұғасы» (Бұхари). Олар алтын уақытында дұға етудің орнына мүмкіндіктерін текке жіберіп, тамақ дайындап, бос әңгімелермен өткізіп, өз тәрелкелерін тамаққа толтырып, үстел басында көп уақытын өткізеді.
  10. Ораза ұстап, намаз оқымау. Адамдардың көпшілігі ораза ұстаса да, бес уақыт намазды оқымайды, тіпті сәресіден кейінгі таң намазын орындауға ықылассыздық танытады. Осы орайда бойдағы жалқаулықты жойып, онымен күресу қажет. Бес уақыт намаз оқу — ораза сияқты парыз етілген.
  11. Құранға мән бермеу. Рамазан айында Құран кітап сөресінде шаң басып, босқа тұрмасын. Біз келесі деңгейге көтерілуіміз керек. Сіз араб тілін нашар оқитын болсаңыз, оны жақсы оқуға талпыныңыз. Әр күні тіпті екі аят оқудан бастаңыз, иманыңыз көтерілген сайын көбірек оқуды әдетке айналдырасыз. Тіпті жиырма қысқа сүрені алып, жаттаңыз, қайталаңыз, тәпсірін оқыңыз, ғалымдардың ол турады не дегеніне көз жүгіртіңіз.
  12. Жұмыс істеуге немесе емтиханға байланысты оразаны жіберіп алу. Емтихан мен жұмыс адамға ораза ұстамауға мүмкіндік бермейді. Егер сіз Алланың разылығы үшін барлық діни міндеттеріңізді орындасаңыз, Алла сіздің барлық ісіңізге жеңілдік сыйлайды. «Оған, Алла, ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған». (65, 3) 
  13. Әлеуметтік желіде отыру.  Біз уақытымыздың көбін әлеуметтік желіде өткіземіз (Twitter, Facebook, Instagram или WhatsApp). Алайда қасиетті Рамазан айында олардан мүлдем тыйыла алмаса да, әлеуметтік желідегі уақытты азайту қажет.
  14. Ораза мен емдәмді (диета) араластырмау. Ораза ұстауда арнайы өзіндік мақсат бар. Яғни, Алла разылығы үшін ұстау. Кейбір адам оразаны арықтау мақсатында ұстаса, бұл құлшылық мақсатына қарама-қарсы келеді. Әйелдер етеккір кезінде ғибадаттың қарқындылығын азайтады. Сондай кезеңде уақытты бекерге жоғалтудың қажеті жоқ. Құранды тыңдаңыз, Алланы зікір етіп, салауат айтыңыз.
  15. Итикәфтағы мүмкіндіктерді жіберіп алу. Рамазанның соңғы он күнін итикәфта өткізу реті келсе, оны жіберіп алмаңыз. Ғибадаттың бұл түрінің маңызы тым тереңде жатыр. Егер мешітте өткізсеңіз, достарыңызбен араласып, телефондағы жаңалықтарды оқып немесе журнал оқып өткізу керек деп ойламаңыз. Қайта мешіттегі басқа мұсылман бауырлармен бірге арнайы кесте құрғаныңыз абзал. Сіздің нақты белгіленген жоспарыңыз болса, сіз жалықпайсыз, өйткені, әрбір сәтіңізді қалай тиімді ұйымдастыруды білесіз.
  16. Рамазанның тек 27 күнін ғана ғибадатпен өткізбеу.  Кейбір адамдар Рамазанның тек 27 күнін ғана ғибадатпен өткізеді, Қадір түнінің нақты қай түн екені белгісіз болса да, басқа тақ түндерге аса мән бермейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Қадір түнін Рамазан айының соңғы он күндігінің тақ түндерінен іздеңдер», — деген еді (Бұхари, Муслим). Алланың жомарттығын шектеуге болмайды. Егер Алла қаласа, сізге 200 жыл бойы нығмет, ризық бере алады. Бұл — Алланың даналығы, біз Қадір түнінің қай уақытқа сәйкес келетінін білмейміз, Алла барлық нәрсені білуші, егер ол қаласа, қасиетті түн үшін сауапты қандай да бір басқа уақытта аласыз.
  17. Рамазанның соңғы күндерін Ораза айт мейрамына дайындықпен өткізу. Бірқатар адамдар Рамазанның соңғы күндерін кілең Ораза айт мейрамына дайындықпен өткізіп жібереді. Азық-түлік сатып алады, сауда орталықтарына барады, нәтижесінде Рамазанның соңғы күндерінде намаздар мен басқа да ғибадаттарға немқұрайлылық таныта бастайды. Әсіресе, тозақ отынан сақтауды сұрайтын дұғаларға да мән бере алмай қалады.