Тараз. 77news — Республикалық маңызы бар күре жолдар бойындағы сервистік кешендердің келбетін стандартқа сай ету қолға алынды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Туризм басқармасы мен кәсіпкерлер бас қосқан жиында айтылды, деп хабарлайды 77news.kz 

Елдің тұрмыс деңгейін салынып жатқан құрылысынан аңғаруға болады. Сол сияқты туризмінің дамуын даладағы қызметтен көреміз. Осыны ескерген Жамбыл облыстық Туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Әмірқызы жол бойындағы сервистік кешеннің келбетін стандартқа сай етуді мықтап қолға алды.

Бүгінде Жамбыл облысы бойымен өтетін республикалық маңызды күре жолдар  1152 км құрайды. Енді сол жол бойындағы сервистік кешендердің қызмет сапасын артыруды Туризм басқармасы мықтап қолға алып отыр. Бүгін өткен жауапты мамандардың жиынында жол бойындағы жүгенсіз салынған сервистік кешендерді санаттарға бөлді. Және сол бойынша кәсіпкерлерге стандарт талаптарына сай  күрделі жөндеуден өткізуді тапсырды.

Фото: туризм басқармасынан

Сапасыздықты анықтау мақсатында биыл өткізген тексеріс бойынша 61 сервистік кешеннің 23-і Ұлттық талаптарға сай салынған екен. Енді қалған 3/2 бөлігін жоғарыда көрсетілген ереже икемдеу керек екен. Бұл бастаманы Туризм басқармасының Қарлығаш Аралбекова биылғы жылдың соңынан дейін тындыру керек деп ескертті.