Фото: telegram-free.ru
Telegram-да @EgovKzKenesBot деп аталатын бот 20 мамыр күні іске қосылды.

Телеграм бот ең жиі қолданылатын 4 қызмет түрін SMS арқылы алуға мүмкіндік береді:

  • Мекенжай анықтамасы;
  • Сотталмағаны туралы анықтама;
  • Мүлкінің бар не жоғы туралы анықтама;
  • Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама.

Бот қызметін қолдану үшін, алдымен, азаматтардың мобильді деректеріне тіркеліп, содан соң eGov.kz порталындағы профильге ұялы телефонды қосу керек. Алған құжатты телефонда сақтауға немесе email адреске жіберуге болады.