Фото: youtube

Тараз. 77news — Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға, бейне үндеу жасады, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Видеоны YouTube арнада перзиденттің баспасөз қызметі жариялады. Мемлекет басшысының республикалық «Challenge Другой ты!» спорттық бастамасын қолдап, осы акция қатысушыларына арнап бейнеүндеу жасағаны айтылады.

Бұл бастаманың мақсаты — еліміздің тұрғындары арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын дәріптеу. Акция аясында қазақстандықтарды физикалық жаттығулар жасап, спортпен айналысуға ынталандыратын отандық белгілі спорт өкілдерінің, мәдениет және масс-медиа өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығу өткізу жоспарланған.

Бейнеүзікте Президент елімізде жаңа жаттығу залдары, фитнес орталықтары, спорт алаңдары салынып жатқанын, соның барлығы халықтың игілігіне қызмет етуге арналғанын айтады.