Тараз. 77news —  Жамбылдық барша ұлт өкілдері Таразда жиылды. «Бес әлеуметтік бастамаға» үн қосқан өкілдер мен бірлестіктер бұл бағытта одан әрі қызмет атқаратындықтарын атап өтті, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

XXI сессияның отырысында облыстық ассамблеяның жаңа құрамы бекітілді. Сондай-ақ, төрағаның қоғамдық орынбасары қызметі Руслан Исмазовқа табысталды. Сан-салада жетістікке жеткен өңірдің озық тұлғалары бірлік пен біртектілікті қамтамасыз ету жолында атқарылып жатқан бастамалар жөнінде ой қозғады.