Фото: kapital.kz

Тараз. 77news — ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Астанадағы қатты дауыл мен бұршақты нөсер салдары туралы баяндады.

Түс кезінде әбігерге салған Астананың ұйтқып соққан дауылы жол бойындағы жарнамалар мен көше бойындағы белгі тақташаларды, жарық бағаналарын, құрылыс жүріп жатқан жердегі қақпаларды жайпап кетті. 10-15 минутқа созылған нөсерлі дауыл халықтың жүрегіне қорқыгыш ұялатты.

«Астанадағы желдің ұйытқып соғуынан ҚР Ұлттық музейінің қасбетіндегі тақталар құлады. Қаладағы жеке үйдің және Мичурин кентіндегі №3 мектептің шатырына зақым келді. Қолайсыз ауа райынан зардап шеккен адамдар туралы ақпарат 112 қызметіне келіп түскен жоқ», — деп мәлім етті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Айта кетейік, бүгін түсте Астанада қатты дауыл соғып, бұршақты нөсер жауды. Салдарынан Алматы-Түркістан көшелерінің қиылысында кран құлап, тұрғындар «пирамида» атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайының әйнектері қираған.

Бұған дейін, Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауатынын ескерткен еді.