Тараз. 77news — Жуалыда кезекшілік кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге арналған ескерткіш тақтаның  ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды 77news.kz тілшісі.  

Өткен жылдың 17 ақпанында  Көксай шатқалындағы қар көшкіні салдарынан 7 жауынгер жаттығу кезінде қаза тапқан болатын. Олар —  91/678 әскери бөлімінің сарбаздары. Бүгінде олардың есімдері ерекшеленіп, ескерткіш тақтаға таңбаланды.

Бұл жаңалық жақындарын жоғалтқан жандар үшін  ең қымбат сый болды. Әскери бөлімнің аумағында бой көтерген ескерткіш жас ұрпаққа, өмірін әскери салаға арнаған болашақ маманға үлгі-өнеге, өткенге тағзым болмақ, — дейді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командирі Марат Хусаинов.