Фото: otyrar.kz

Тараз. 77news — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің келісіммен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев 1978 жылы туылған.

1999 — 2009 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы кеден органдарының инспекторынан бастап бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған;

2014-2016 жылдары- «АгроНК» ЖШС директорының орынбасары;

2016 жылдың ақпан айынан — 2017 жылдың шілде айына дейін — «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары;

2017-2018 жылдың қаңтар айына дейін — Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстары комитет басшысының орынбасары;

2018 жылдың қаңтар айынан бастап — бүгінге дейін — Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі;

Дауылбаев құрылыс, автомобильдік жолдар және жолаушылар тасымалы денсаулық сақтау салаларын жауапты орынбасар. Осыған дейін бұл қызметте  Ғалымжан Әбдірайымов болған. Ол қазір Тараз қаласының әкімі қызметін атқаруда.