Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Облыс бойынша 39 білім беру ұйымы тексерістен өтіп, оның 15-і лицензиясы тоқтатылды, – деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі. 

Тексеріс кезінде 44 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, іс қозғалған. Нәтижесінде оларға 1085 АЕК мөлшеріндегі 2 609 425 теңге айыппұлдар салынды. Сондай-ақ облыстағы 15 білім беру ұйымының жұмысын жалғастыруға тыйым салды. Яғни аталмыш білім мекемелерінің лицензиялары 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатылды.

Биыл Қордай ауданындағы №4, Мойынқұм ауданындағы №1, Байзақ ауданындағы №3 кәсіптік колледжі басшыларының іс-әрекетіне қатысты 20 өтініш түскен.

Сонымен қатар бақылау барысында 1 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 24050 теңге айыппұл салынған.

Айта кетейік, тексерісте қызметін асыра пайдаланған басшылар да анықталды. Анықталған асыра сілтеушілік істері тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.