Тараз. 77news — Жамбыл облысының тұрғыны жол жүріп келе жатып, әйелді өлтіргені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыскерді ІІД мамандары Шу станциясында қамауға алынды. Ол жолаушылар пойызында бөлшек саудамен айналысатын әйелді өлтірген.

«Қамауға алынған күдікті диспансерлік есепте «параноидты шизофрения» диагнозымен тұрған,  ол бұған дейін сотталған. Тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады ҚР ІІМ арнайы өкілі Алмас Садубаев.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ер азамат әйелді пышақтаған.