Тараз. 77news —  Талас ауданының 90 жылдығына орай бұқаралық  спорт түрлерінен спартакиада өтті, деп хабарлайды 77news.kz тілшісі.

Спорттың 9 түрі (кіші футбол, волейбол, арқан тарту, асық ату, жеңіл атлетика, қол күресі, гір көтеру, дартс, кроссфит) бойынша округтермен қатар, аймақтағы мекемелерден 31 команда қатысып өзара мықтыны анықтады.

Cпартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бәсі басым түскен «Игілік» КММ спортшылары 1 орынды иеленсе, ұпай санымен кем түскен аудан әкімдігі білім бөлімінің құрама командасы 2 орынды еншіледі. Ал ептілігімен көптің көңілінен шыққан Аққұмдықтар 3 орынға табан тіреді. Тұғыр биігінен көрінген командаларға ұйымдастырушылар тарапынан диплом, кубок, медальдар тапсырылды.