Таңды таңға ұрып түрлі бұйымдар жасайтын шеберлердің жұмыстары енді шетелдік қонақтар үшін қолжетімді болады. Себебі, өңірлік қолөнершілер шахарды зергерлер қаласына айналдыруды жоспарлап отыр. Тіпті, Таразда олар үшін арнайы ғимрат та таңдалып қойыпты.

Қолөнершілер қаласын құру ұлттық өнерді жандандыруға, жергілікті өндірісті дамытуға және қалада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл жоба «Төрткүл» керуен сарайының аумағында іске аспақ. Мамандардың айтуынша, мұнда ежелгі көшпелілер дәстүрін қамтитын қолөнер бұйымдарын сатып алу ғана емес, олардан сабақ алуға да, мүмкіндік болады.

Сондай-ақ, өңірдегі үздік қолөнершілер қауымдастығын құру  мәселесі де ұсынылды. Мұндай ұйым әр кәсіпкердің өндіріс жүйесін  құруға және өнімдерін оңтайлы сатуға мүмкіндік береді. Әрине, қауымдастықтың көшбасшысы болу үшін үлкен тәжірибе керек. Сондықтан қатысушылар бір ауыздан Сауле Рысбаеваны сайлады.

Қолөнер өндірісі мен халық қолөнерін дамыту біздің өңіріміздің бай мәдениетін сақтап қана қоймай, еліміздің экономикалық өсуіне ықпал етеді.  Енді шеберлердің өнімдері жол бойындағы сервистік нысандардың  кәдесый сату нүктелеріне қойылады.