Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Бүгін Жамбыл облысының басшысы Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында болып, түлектерге сәттілік тіледі, деп хабарлайды 77news.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: жеке дерек көзінен

Өңір басшысы жаңа белеске қадам басқалы отырған мектеп бітірушілеріне алдағы сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді. Сондай-ақ түлектерге мемлекеттің ертеңгі қазығы сендерсіңдер, бүгінгі таңдаған мамандықтарың елдің іргесіне қаланатын кірпіштерің деп ескертті. Сондықтан мамандық таңдауда қателеспеуге кеңес етті.

Фото: жеке дерек көзінен