Тараз. 77news — 24  мамыр түсауа Қаратау мөлтек ауданында пәтерден өрт шығып, соңы қайғылы жағдайға әкеп соқтырды, деп хабарлайды 77news.kz тілшісі.

Оқиға орнында 6 жасар қыздың мәйіті табылды. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметі бойынша өрт сағат 16.30-да тіркеліп, 16.31-де сөндірілді.

Өрт салдарынан 11 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Сондай-ақ, 33 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 13-і балалар.