«Сhallange! Сенің жаңа қырың!». Бұл спорттық шараны Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі қолдап, бұқараны салауатты өмір сүруге шақырды. Содан бастап, жер-жерлерде президент жолдауына қолдау білдіріп, телекөпір арқылы таңғы жаттығулар  өтуде. Бұл ілкімді шарадан Тараздықтарда  қалыс қалмады, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жаппай сауықтыру гимнастикасын жасау облыс орталығындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ұйымдастырылды. Шараға 500 жуық қала тұрғындары ат салысты. Жаппай жаттығу Астанадан берілген старттан соң, арнайы музыканың сүйемелдеуімен басталды. Ерекше іс-шараға облысымыздағы спортшылар, әртістер мен өңірге танымал қоғам қайраткерлері қатысты.