Тараз. 77news — Бүгін Таразда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі. 

«Орталық мешіт» аялдамасы маңында «27» бағыттағы қоғамдық көліктің жол жиегінде жатқанын көрген куәгерлер байқап, жедел жердем қызметі мен ішкі істер мамандарына хабарлаған екен.

Куәгерлердің айтуынша, халыққа қызмет ететін көлік жүргізушісі жылдамдықты асырып, автобусты басқаруды бақылаудан шығарып алған көрінеді. Жүйткіген көлік жол жиегіндегі арыққа түсіп, аударылып кеткенге ұқсайды. Бейресми ақпарат көздері таратқан мәліметте көлік «ТаразТрансМоторс» автопаркіне тиелісі екені айтылады. Негізінде ол бұл бағытта қатнамайды. Жүргізуші қоғамдық көлікпен өзінің жеке жұмыстарымен басқа жаққа кетіп бара жатқан болып шықты. Оқыс оқиға салдарынан адам шығыны байқалмайды. Көлік ішінде тек жүргізуші ғана болған екен.

Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Толық ақпарат алдағы уақытта хабарланатын болады.