Тараз. 77news — Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы байланыс одан әрі нығая түспек. Әсіресе туризмді түлетіп, кәсіпкерлікке баса мән берілмек. Әулиеата өңіріне жұмыс сапарымен келген қырғыз елінің өкілдері шаһардағы бірқатар тарихи-мәдени ошақтарды аралап қайтты, деп хабарлайды  77news.kz  ақпарат агенттігінің тілшісі.

Алдымен қонақтарымыз Жамбыл ауданында орналасқан махаббаттың мәңгілік символы «Айша бибі» кесенесіне ат басын бұрды. Сонау ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші аймақтың алтын кілті іспеттес. Бұдан кейін көршілес қырғыз елінің өкілдері облыс орталығындағы «Қарахан» әулиенің кесенесін тамашалды. Қаладағы «Қарахан»кесенесі де туристер үшін тартымды. Себебі, «Қарахан кесенесі» — Тараздағы сәулет өнерінің тамаша туындыларының бірі. Яғни, аталмыш қорған «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайына кіреді.

Бүгінде қаламыздың туристік әлеуеті күн санап артып келеді. Оған тек осы тектес тарихи-мәдени ескерткіштеріміз бен қорық-мұражайларымыздың бар екендігі дәлел. Жеткен жетістіктері де аз емес.