Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Белгілі композитор, халық әртісі Алтынбек Қоразбаев Тараз қаласындағы №30 орта мектепке балалардың білімді болашағы үшін 1 млн 700 мың теңгелік сертификат табыстап, қайрымдылық жасады, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Алтынбек Қоразбаев туған жерге табан тіреп, Тараз  жұртшылығын сазды әуенмен тербеді. Оның арнайы кеш өткізуіне туған жерге деген сағынышы себеп болған.  Туған жерге туыңды тік дегенді ескерген сазгер артынан өсіп келе жатқан ұрпағының болашағы үшін жомарттық танытып, арнайы IT сыныбы үшін концерттен жиналған қаржыны жауапты мамандар қолына тапсырды.

Сыйға сый, сыраға бал демекші кеш соңында облыс әкімі Асқар Мырзахметов құттықтау сөз сөйлеп, композиторге шапан жауып, темір тұлпар мінгізді.