Тараз. 77news — Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жиында Елбасы 2017 жылдың 3 қарашасында партия саяси кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру барысы және Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын қадағалайтын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралады.

Саяси кеңесте партия мүшелері, депутаттар, өңірлердегі облыс әкімдері түрлі ведомство басшыларын қоса алғанда 150 адам қатысуда.