Фото: Нұржас Жақсыбай

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қаралатын мәселелерді атады, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сілтеме жасап.

«Құрметті Жас отаншылар, әр өңірден келген партия мүшелері мен бүгінгі кеңестің қатысушылары барлықтарымыз кездестік. Бүгін кездескенім үшін қуаныштымын. Қош келдіңіздер,» — деп Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын бастады.
Ол «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің отырысында екі мәселе қаралатынын атап өтті.
«Біріншісі – «Нұр Отан партиясының» жүйелі түрде жаңғыруы, күздегі өткен кездесуімізде берген тапсырмалар бар болатын. Екінші – Президенттің 5 әлеуметтік бастамамасын жүзеге асыру, қоғамдық бақылау қалай өтіп жатқанын қарау мәселесі. Менің бастамаларым жарияланғаннан кейін партияға бұл міндет жүктелгенін өздеріңіз де білесіздер. Партияның жалпыұлттық күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысу керегі туралы айттық. Партия жаңғыруды жүзеге асыратын ең басты күштердің бірі болуы тиіс. Сондай-ақ, партияға ғана емес бүкіл елге кадрлық резервтерімен мақсатты түрде дұрыс жұмыс істеуді тапсырдым. Ол үшін партия мүшелерінің санына емес, сапасына акцент қою керегі туралы айттық. Партия жұмысына жаңа саяси технологияларды белсенді қолдану міндеті қойылды,» — деді Президент.
Елбасы жастармен белсенді жұмыс істеу қажеттілігі туралы да айтты.
«Жас Отан» алдында барлық жастар ұйымының интеграторы болу міндеті тұр. Жақында ғана өте сапалы деңгейде өткен «Жас Отан» съезі жастарымыздың өте белсенді және мемлекетіміздің істеріне қатысуға ынталы екенін көрсетті. Сондай-ақ, мен партиялық білім беруді талдамалы зерттеумен шындап айналысуды тапсырдым. Сондай-ақ, наурызда Президенттің 5 бастамасы жарияланды. Бұл әр қазақстандықтың өмірін жасқартуға арналған бағдарлама. Парламент оны жүзеге асыруға арналған барлық заңнамалық базаны қабылдады. Парламенттегі біздің фракция үлкен жұмыс атқарды. Партияға Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлесе осы бастамалардыжүзеге асыруда қоғамдық қадағалауды тапсырдым. Бұл міндет парти белсенділерінің жұмысы мен рөліне үйлеседі,» — деп сөзін түйіндеді Мемлекет басшысы.