Тараз. 77news — «КешYou» тобының  продюсері Баян Алагөзова топтың жаңа солисін инстаграм парақшасында таныстырды,  деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Топта енді Ақтөбелік 17 жастағы Ақбота Құрманғалидің өнер көрсетпек. Айтуынша, ол тұрмысқа шыққалы жатқан Элизат Берікованың орнына келіп отыр.

Фото: Баян Алагөзованың инстаграм парақшасынан

«Солистердің топтан шыққаның, кіргенін айтудан жалықтым. Әрине, қыз баласы үшін бірінші орында отбасы құрып, балалы болуы маңызды! Енді топта Ақбота есімді талантты қыз өнер көрсететін болады. Оның жасы 17-де. Ол  Элизаттың орнына келді. Элизатқа отбасылық өмірде барлық жақсылықты тілеймін. Ал Ақботаға ендігі мәдениет әлімінде жолы болсын демекпін!,» — деп жазды инстаграм парақшасында белгілі продюсер Баян Алагөзова.