Фото: Мерей Бает

Тараз. 77news — Таразда тағы да көлік апаты орын алды. Бұл жолы жүк көлігі аударылды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Көлік апаты Ниетқалиев пен Достоевский көшелерінің қиылысында орын алған. Күндізгі сағат 11 шамасында аударылған. Камаз көлігінің бортында жол жөндеу жұмыстарына қажетті ыстық асфальт болыпты. Көргендердің айтуынша, асыққан жүк тасушының жолын «Audi» автокөлігі кесе көлденең кескен. Содан, рульге ие бола алмаған жүргізуші аударылған көрінеді.

Қазір апат орнында аударылған жүк көлігі пен жеңіл автокөлік  тұр. Тексеру жұмыстары басталған. Қаза тапқандар жоқ.