Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз.  77news — Бүгін еліміздің бет бейнесі — мемлекеттік рәміздер  күні. Тәуелсіздігіміздің таңбасына айналған символдарға 26 жыл толып отыр. Тәуелсіз елдің келбетін көрсетіп, айшықтайтын нышандарды құрметтейтін қала халқы таңсәріден  орталыққа ағылып, сап түзеді, деп хабарлайды 77news.kz АА тілшісі.

Талай спорт саңлағының жігерін жанып, намысын қайраған көк ту  бүгін көк аспанда қалықтады. 2000 аса жамбылдық  қатысқан шарада мотобайкерлер мен велошабандоздар шеруі мерекенің сәнін кіргізді. Орталық «Достық» алаңынан бастау алған шеру   Тұңғыш Президент саябағына дейін жалғасты.

Фото: Ақәділ Рысмахан
Фото: Ақәділ Рысмахан

Акция аяқталғаннан кейін көпшілік үшін мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды. Айтулы күнді атап өткен өңір жұрты үшін, мерекелік шаралар мұнымен толастар емес. Бастысы бейбітшілік пен татулықтың туын тігіп, жиырма жеті жылды еңсерген егеменді еліміздің нышандары тұғырлы болғай.

Фото: Ақәділ Рысмахан