Тараз. 77news — Менингококк инфекциясы дендеп барады. Осы инфекцияның алдын алу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министірлігі жұқпалы аурудың алғашқы белгілері мен алдын алу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Менингококк инфекциясы   ауруды белгісіз тасымалдаушы, назофарингит (мұрын мен жұтқыншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар бактериялар қоздыратын жіті жұқпалы ауру.

Инфекцияның берілу жолы  —  ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады.

Белгілері

  • бастың қатты ауыруы
  • шөлдеу, құсу
  • температураның көтерілуі, қалтырау
  • бозару
  • тәбеттің төмендеуі
  • бөртпе
  • әлсіздік
  • арқа және аяқ-қолдың ауыруы

Ауруды алдын алу жолдары

  • аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және оның барлық нұсқауларын орындау
  • түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуды,  жүзу бассейндеріне баруды,  ойын алаңдарында  ойнауды шектеу, жеке тазалықты сақтау.
  • ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау
  • созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау
  • тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу
  • мұздау, ашығу, ұйқы қанбау, күйзелу және т.б. аулақ болу