Фото: Санат Аралбек

Тараз. 77news —  Таразда оқыс оқиға орын алды. Тапатал түсте, жеңіл автокөлік өртке оранды, деп хабарлайды 77news.kz АА тілшісі.

Орталықтағы көшелердің бірінде болған төтенше жағдай, 11-лер шамасында орын алған. Оқиға орнына арнайы техника мен өрт сөндіруші шұғыл жеткенімен, көліктің сау тамтығы қалмаған. Анық болғаны  «Volkswagen Passat» маркалы автокөлік жүріп келе жатқанда өртке оранған. Салдарынан көліктің мотор бөлігі толық өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 15 минуттың ішінде ауыздықтадық деп отыр. Адам шығыны жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес, өрт көліктегі тоқтың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Қазіргі таңда өрт сөндіру қызметінің мамандары оқиғаның мән-жайын тексеру үстінде.