Фото: Елнұр Мұхтаров

Тараз. 77news — «Жасыл ел» жасағы  14-ші еңбек маусымына кірісті. Жаңа маусымда Жасыл ел жасақтарының жұмысы жаңа сипат алып, жандана түспек. Туған жерді түлетуге жазғы демалыс басталысымен 1300-ге жуық белсенді білек түріп кіріспек, деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

2005 жылы Елбасының тікелей қолдауымен қолға алынған «Жасыл ел» бағдарламасы бүгінге дейін cан мыңдаған жасты еңбекке баулып,  қоршаған ортаның көркеюіне септігін тигізіп келеді. Қуантарлығы, бастама туған өлке табиғатының тазалығы мен әсемдігін сақтап, экологияны жақсартуды көздейді. Ал жалақысы — жағымды бонус. 70 мың теңге. «Жасыл елдің» сапында 18-29 жас аралығындағы кез-келген жерлесіміз еңбек ете алады. Тіпті, осы бағдарламаның арқасында  жұмыссыз жүрген  жастарда  жұмыспен қамтылады.

Айта кетейік, «Жасыл елдің» жергілікті штабы осы уақыт аралығында 11 мыңнан астам облыс жастарын  еңбекпен қамтыған.