Фото: "Хабар" телеарнасы

Тараз. 77news — Бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысқан жарасымды жанұя мен ізгілікке толы әулеттер марапатталды. Елбасының жарлығымен бастау алған ұлттық байқаудың облыстық кезеңіне 44 отбасы жолдама алған, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Биылғы «Мерейлі отбасы» байқауының бірінші кезеңі 1-31 сәуір аралығында  өткізіліп, Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 165 отбасы қатысты.  Облыстық кезеңге 44 жанұя жолдама алыпты.

Нәтижесінде, бас жүлдені — Ниязқұловтар отбасы (Т.Рысқұлов ауданы) иеленді. Жүлделі орындарды бөліскен Жамбылдық жанұялардың қатарында  Қораласбаевтар әулеті (Шу ауданы)   де бар. Олар 1 орынды місе тұтты. Ал екінші орынды Қадырхановтар отбасы (Меркі ауданы) еншіледі.Үздік үштікті Мұсаевтар әулеті (Жамбыл ауданы) қорытындылады.

Енді облыстық кезеңде бас жүлде және бірінші орын иегерлерінің құжаттары республикалық кезеңге қатысу үшін Астанаға жіберіледі.