Тараз. 77news — Бүгін облыс әкімі үкіметтік  емес ұйым өкілдерін қабылдады, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік мәселелерді шешуде үлесі көп.   Мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынас орнатуы да содан. Жыл өткен сайын оларды қаржыландыру көзі де көбейіп келеді. Дегенмен, өңірде әлі де болса шешімін таппай келе жатқан мәселелер жетерлік.

Үкіметтік емес ұйымдар  өңірдегі өзекті, әрі әлеуметтік маңызды мәселелерге мейлінше бет бұрып, белсенділік білдіреді.  Бүгінгі басқосуға келгендері  бұдан басқа бірқатар мәселелердің күрмеуін қалай шешу керектігі туралы өз ұсыныстарын ортаға салды. Айталық, қоғамда қызу талқыға түскен тарихи орындарға кіру мен суретке түсудің ақылы болуы.   Жарым жандарға көмектесетін жеке көмекшілердің жалақысын көтеру. Сондай-ақ, есірткіге тәуелді азаматтарды бейімдеу орталығын құру.

Жиында мемлекеттік мекемелермен байланыс орнатудың да қиын екендігі сөз болды. Мәселен, қарапайым сауалдарға да жауап алу үшін де жазбаша түрде хабарлама жіберу керек. Ал, өзге өңірлерде жергілікті тұрғындар әлеуметтік желі арқылы ақ байланыс орнатқан. Аймақ басшысы қалалық әкімдіктің жүйесіз жұмысын   сынға алды. Өйткені, мамандар  мүгедектерге арналған қоғамдық көліктің қолжетімді болуы мәселесін 3 жыл бойы шеше алмапты.

Кездесуде қорытындылаған Асқар Исабекұлы күрмеуі көп мәселелер көп ұзамай оң шешімін табады, — деді. Сондай-ақ, броконьерлермен күресу үшін де арнайы ұйым құрылатындығын жеткізді. Алыстағы ағайын үшін де мемлекеттік қызметтер қолжетімді болмақ. Өйткені, жақын арада жергілікті халық интернет арқылы  қызмет түрлерін пайдаланатын болады.