Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Жамбылдың жайылым жері өртеніп жатыр, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Төтенше оқиғаны, өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы  бүгінге дейін  1мың гектардан астам жайылымның  жанып кеткенін мәлімдеп отыр. Меркі ауданынан тұтанған от  қазір  Құландықтардың аумағына жетіпті. Жалынның неден шарпығаны әзірге белгісіз боп тұр.