Тараз. 77news — Жамбыл облысында еңбек шартын жасау қолжетімді болмақ. Елбасының тапсырмасына сәйкес, халық санатын айқындау, яғни тұрғындардың зейнетақы, медициналық сақтандыру қорларына қаржы аудару мәселесі майшаммен қаралып жатыр, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Өңірдегі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуде, жыл басынан бері жасалынып жатқан жұмыстар сөз болды. Мәселен, өткен жылы 63 828 жанның қай санатта екендігі айқындалмаған. Ал бүгінге дейін атқарылған жұмыс нәтижесінде 16590 адамның зейнетақы қорына есептер ашылып, қаржы аударылыпты. Сонымен қатар, 2000 нан аса азаматпен еңбек шарты жасалған.

Мамандардың айтуынша, екі қорға аударылған қаржы өз салымшысының игілігіне жұмсалады. Сондықтан, зейнетақы қорына жинақталған ақшаңыз-зейнет кезіндегі өмір сүруіңізге, ал медицина қорына төккеніңіз-денсаулығыңыз үшін деп, түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз дейді олар.