Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Таразда әлеуметтік аз қамтылған отбасылар көмірмен қамтамасыз  етілді, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі.

Қайрымдылық шараны  «Өркениет» қоғамдық қоры ұйымдастырған. Тараз қаласының 11 – округі: Құмшағал, Шөлдала, Жиделі, Көлтоған мен 28 саяжайдың аз қамтамасыз етілген, көпбалалы 110 отбасының әрқайсысына 3 тоннадан тегін көмір үлестіріп, үйлеріне дейін жеткізіп берген.