Фото: Әділбек Самаликов

Тараз. 77news — Жамбылда «елді мекендерді газдандыру» жобасы қарқынды  жүзеге асырылуда. Бұған дейін  өңірде  170-тен астам аудан-ауылдарға газ құбыры тартылса, алдағы жылдары тағы 172 елді мекен газбен қамтылмақ, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысы қазір жергілікті халықты өз жерінен шыққан табиғи газымен қамтамассыз етуде. Айталық, 377 елді мекендегі жұрттың 181 көгілдір отынға қолы жеткен. Яғни, 8 мыңнан астам адам бұрынғыдай  қыс бойы көмір тасып қиналмайды деген сөз.  Алайда,  әлі де  болса 88 мың адам табиғи газды тұтына алмай отыр. Себеп, құбырлар тек  көшеге ғана жүргізілген.

Жауаптылар болса, бұл мәселе жылдың соңына дейін шешілетіндігінн айтады.  Ал, өз сөзінде өңір басшысы  облысты газдандырудың  2025 жылға дейінгі жоспарын қайта қарауды тапсырды.