Фото: Әділбек Самаликов

Тараз. 77news — Жамбыл облысында «Рамазан шарапаты» атты қайырымдылық акциясы өтті. Алғашқы рет ұйымдастырылып отырған шарада 1000 отбасы қамтылды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Бұл  акция көмекке зәру талай жанның жүрегіне жылулық сыйлады. Облыстағы аз  қамтылған 350 отбасыға «Зекет» қоры қол ұшын созды. Ал, қалған 650 отбасыға аудандық мешіттер тиісті азық-түлікті үлестеріп берді. Мешіт қызметкерлері 10 миллион тенгедей қаржы жұмсалған игілікке ат салысқан  азаматтарға алғыс білдірді.

Акция туралы құлағдар болмаған  отбасылар болса, 50 отбасыға жететіндей азық-түлік артығымен бар. Ал тағы өтініш саны көбейіп жатса, ол жағында қарастырамыз, —  дейді имамдар. Өз кезегінде  тұрғындар «Зекет» қорына алғыстарын жаудырды.