Фото: Хабар 24

Тараз. 77news  — Байзақ ауданында көктемгі дала жұмыстары аяқталып,  еккен көкеніс пен  дәнді дақылдар көктей бастады. Байзақ ауданында биыл 53 400 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылған. Облыс әкімінің орынбасары Мәди Мұсаев жұмыс сапарымен ауданда болып, егіс алқаптарын аралап шықты, — деп хабарлайды 77news. ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Ауданда тәтті түбірді егу соңғы жылдары мықтап қолға алына бастаған. Жыл өткен сайын егістік алқабы да ұлғайып келеді. Мәселен, 2000 гектар жерге  дақыл себу жоспарланса, ол артығымен орындалып, 2102 гектардан астам жерге дән себілген. Қазіргі кезде егін бітік шығып, бойларыда 10-15 см жеткен.   Іс сапармен өңірде болған облыс әкімінің орынбасары Мәден Мұсаев диқандармен сұқбаттасып, әрбір егілген егістік алқабын аралап, дала еңбеккерлерінің  жұмысын көріп бағамдады.

Аймақта 7875 гектар жерге көкініс, бақша дақылдары егілген.Сондай-ақ 14617 гектар жер көлеміне дәнді дақылдар отырғызылыпты.  Шаруалар көктемгі  дала жұмыстарын тиянақты аяқтау үшін 600 тонна жанар жағар майына сұраныс беріп, төмендетілген баға 145 теңгеден алыпты. Диқандар үшін ең керекті нәрсенің бірі —  су әзірге тапшы емес.