Тараз. 77news — Таразда қалтасын пұлмен толтырмақ болған түрме басшысының орынбасары парамен ұсталды. Бұл мәліметті жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі растап отыр, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жемқорлық дерегі 12 маусым күні, Шөлдала елді  мекеніндегі 158/5 түзету мекемесінде орын алған. Қызметте жаңылысқан басшы  жазасын өтеушіден 2 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Сондай-ақ, күдікті кінәсін толықтай мойындағаны үшін қамауға алынбаған. Ақшаны мекемедегі сотталушының жағдайын жеңілдету үшін алған көрінеді.