Тараз. 77news — Мәжілістің екінші оқылымында сақтандыру мен сақтандыру  қызметі туралы заңнамалық актіге енгізілген өзгерістер мақұлданды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі.

«Шет елге шығатын туристерді қорғау мақсатында тәуекелдерді сақтандыру жүйесі қайта қаралды. Енді міндетті сақтандыру туралы келісімшарт жасау үшін туристерге сақтандыру мекемелерін таңдауға мүмкіндік беріледі. Сақтандыру жағдайлары орын алғанда сақтандыру жағдайлары мен шығындары анықталды бұлардың қатарында шұғыл медициналық көмекті қажет ететін жағдайларда бар. Туристі міндетті сақтандыру келісімшартының  жарамдылық мерзімін нақты көрсету және шет елде жүрген уақытта сақтандырылған туристердің қорғалуына өзгерістер енгізілді»,-деді палатаның пленарлық отырысында Мәжіліс депутаты Сергей Симонов.

«Енгізілген өзгерістерге сәйкес, туристі міндетті сақтандыру келісімшарты мерзімі алғашқы орын алған сақтандыру жағдайында сонымен қатар, рейсі кешігіп, шет елде қосымша уақытқа қалып қойған  кезінде өз күшін жоймайды»,- деп айқындады Мәжіліс депутаты.