Тараз  77news — «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігі «Сорос-Казахстан» қорының қолдауымен Қазақстан мен Орталық Азияда алғашқы рет «Пана- мобильный правозвщитник» мобильдік қосымшасын іске қосты,- деп хабарлайды 77news ақпараттык агенттігінің тілшісі Kazpravda.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық бірлестіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша арқылы Қазақстан азаматтары мен келімсектерге тегін заңгерлік көмек алуға, аймақта құқық қоғаушыларды жылдам іздеуге, түрлі құжаттарға қол қоюға   мүмкіндік бар. Жалпы, қосымшаның арқасында азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейі жоғарылап, елімізде адам құқығын қорғаудың құндылығы өседі.

Қосымша кез келген тұрғында тек заңгерлік кеңес беріп ғана қоймай, құқық қорғаушыларға, адвокаттарға да септігін тигізбек,- дейді қосымшаны ойлап тапқандар.

«Пана» мобильді құқыққорғаушысы дайын кеңес беруді іздеуге, Қазақстанның 18 қаласынан құқыққорғаушылардың көмегінсіз құқықтық онлайн консультация алуға, құқықтық іс-жүргізу құжаттарын, арыздар мен өтініштердің формаларын алуға мүмкіндік береді. Қосымша App Store және Play Marketте қолжетімді.