Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news —  Таразда «Мен Қазақпын» мега жобасының  іріктеу кезеңі өтті. Төл жобаны Қазақстан ұлттық арнасы қазір барлық облыста өткізуде. Дүлдүлдер додасына  18 бен 40 жас аралығында барлығы 41 үміткер бақ сынады, деп хабарлайды 77news.kz агенттігінің тілшісі.

Тараз қалалық мәдениет үйінде облыстық іріктеу кезеңі өтті. 41 үміткер үш бағытта дәстүрлі ән, күй және терме жанрында сайысқа түсті. Нәтижесінде үздік деп 3 өнерпаз таңдалды. Атап айтар болсақ, терме жанрында Жуалы ауданынан Мәлік Мықтыбеков, дәстүрлі ән номинациясы бойынша Жуалы ауданынан Ахат Кенжебаев және күй жанрынан Тараз қаласынан Дулат Байзілдаев есімді жүлдегерлер Астанаға жолдама алып, облыс намысын қорғайтын болады.

Айта кетейік, республикалық кезең «Qazaqstan» ұлттық арнасы арқылы эфирден көрсетіліп отырады.