Фото:Казахстанская правда

77news. 31 қазан. Тараз — Жамбыл облысында жыл басынан бері сексеуілді заңсыз кесудің  17 фактісі анықталған. Барлығына дерлік қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ал осы жылы үш азамат бас бостандығынан айрылып отыр деп хабарлайды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясынан. 

25-26 қазанда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетінің бас экспертімен бірлесіп Мойынқұм ауданы аумағын аралап тікұшақпен ұшу жұмыстары жүргізілген. Негізгі мақсат — заңсыз ағаш кесу мен браконьерлік фактілерді анықтау және жолын кесу. Арнайы жұмыстардың арқасында сексеуіл ағашын түйген 3 жеңіл автокөлік ұсталған.

Сондай-ақ, дәл осы күні Шығанақ ауылында даавтокөлік пен мотоциклге баялыш түйген азаматтар құрықталған. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Айта кету керек, жалпы жыл басынан бері заң бұзушылардың келтірген шығын көлемі 236 мың теңгені құрап отыр.