Фото: Әділбек Самаликов

Тараз. 77news — Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов алтын белгі иелерін салтанатты түрде құттықтап, марапаттады, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

2018 жылғы 15 маусым күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 11 сынып мектеп бітіруші түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестат тапсырылды. Ағымдағы оқу жылында Тараз  қаласындағы 54 орта мектеп пен 1 кешкі мектепті 2414 оқушы бітіруде. Оның ішінде  қазақ тілінде – 1555, орыс тілінде – 837, өзбек тілінде – 22 түлек тәмамдайды. Сондай-ақ, түлектердің 58-і “Алтын белгі”, 29-ы үздік аттестат иегері болды.

Фото: Әділбек Самаликов

Салтанатты кеште қала әкімі Ғалымжан Райылұлы бітіруші түлектерді құттықтап, сәттілік тіледі.

Ғалымжан Әбдірайымов, Тараз қаласы әкімі:

– Құрметті Жас түлектер! Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады». Сіздердей білімге құштар жалынды жастар үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ. Алған білімдеріңіз бен жігерлеріңізді, жастық жалындарыңызды Отанымыз – Қазақстанға арнау Сіздерге жүктелер басты міндет.