Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Бүгін алғаш рет Жамбыл облысында бүйрек алмастыру отасы жасалмақ, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Аталған ота 19.06.2018ж., сағ.15.00-де профессор Сейітхан Жошыбаев басқаратын «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында» өтпек. Бұл операция біздің өңірде алғаш рет орталық мамандарының күшімен жасалатын болады.

Ота Повладар облысының тұрғыны Куватов Ерланға жасалады. Донор болып өзінің бауыры Куватов Руслан болмақ.

Клиникалық диагнозы: Созылмалы гломерулонефриттің нәтижесіндегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі. Ортаңғы дәрежедегі уремиялық анемия.

Статистикаға сүйсенсек, Жамбыл облысында 100-ден аса адам бүйректі тарансплантациялауға мұқтаж. Оның ішіндегі 18-і туыстық бүйрек тарансплантациясын жасатуға ниет білдіріп отыр.

Отаның барысы мен нәтижесі туралы сюжетті бүгін сағ.18.00, 21.00-де «77TV» телеарнасындағы жаңалықтардан көре аласыздар.