Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Қазақстандағы туризм әлемдік стандарттарға сай  дамиды. Жамбыл облысындағы Республикалық маңызы бар үш туристік нысан ақылы қызмет көрсету режиміне көшті. Үкіметтің бұл тапсырмасы 1 мамырдан бастап күшіне енген еді. Тарихи орындарға кіру бағасы 200 теңгеден басталады, — деп хабарлайды 77news.kz AA.

Тарихи-мәдени нысандарды  ақылы тамашалау бұл әлемдік тәжірибе негізінде жүзеге асып отыр. Үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік маңызы бар туристік нысандарға ақылы кіру қызметін мақұлдады. Ал, өзгерістер болса 1 мамырдан бастап күшіне енді.

Фото: жеке дерек көзінен

Жамбыл облыстық туризм басқармасында отандық туристер үшін баға 50 мен 200 теңгенің аралығында болатындығын айтты. Ал, шет елден келгендер үшін баға 300 теңге көлемінде болады. Зейнеткерлер мен студенттерге жеңілдіктер қарастырылған, олар үшін қызмет құны 100 теңгеден аспайды. Туристік топтарға арналған экскурсия  2-3 мыңды құрайды. Бұларға қарамастан басқарма мәдениет және спорт министрлігіне бұл жаңашылдықтың кейбір тұстарын қайта қарастыру туралы хат жолдады.

Бүгінгі таңда Айша-бибі мен Қарахан кесенесі адам ең көп тамашалайтын туристік нысан болып отыр. Туристердің басым бөлігі – зират етушілер. Туризм басқармасы бұл мәселені де назардан тыс қалдырмады. Жалпы әлем бойынша туристік нысандар ақылы қызмет көрсетеді. Мәселен, Самарқандта орналасқан мешіттер мен медреселерге кіру құны біздің ақшаға шаққанда 1200 теңгеден асып жығылады. Бұл қаражат көне ескерткіштердің жағдайын бірқалыпты сақтауға сонымен қатар, қызметкерлерге жалақы төлеуге жұмсалады. Әлемдік туристік бизнес осы қағида бойынша жұмыс атқарып келеді.