Фото: 77news

77news. 31 қазан. Тараз — Балалар тәрбиеленушілері үшін облыстық филармонияның өнерпаздары қайырымдылық кешін өткізді. Тіпті тәрбиеленуші жастар үшін некеге тұру мүмкіндігін сыйлады деп жазады 77news тілшісі. 

Айта кету керек, бүгінгі күні жасөспірімдер үйінде  68 бала тәрбиеленуде. Оның 20-ы жетім,  48 ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар. Мемлекет тарапынан балалардың дербес өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Айталық, тегін оқу орындарына түсіп, жұмыс істеп, мемлекет тарапынан үй ала алады. Мәселен, 2006 жылы «Жас отбасы» бағдарламасымен 4 бөлмелі пәтер 2 отбасыға берілсе, 2011 жылы Елбасының «Қолжетімді баспана» бағдарламасының аясында жасөспірім үйінің тәрбиеленушілеріне бүгінгі күнге дейін  40-тан аса үй беріліп отыр.

Аят Асқарбек «77»