Тараз. 77news — Жамбылдық жұрттың саны жыл сайын көбейіп келеді. Әсіресе Тараздан тысқары ассаңыз, тізбектелген түтін санының еселенгенін аңғарасыз. Енді тиісінше келер жылдың күзінде  Әулиеата әлеуметімен қоса,  елімізде жалпыұлттық санақ жүргізіледі.  Бұл  бүгінгі брифингте мәлім болды, — деп хабарлайды 77news.kz АА.

Әуелгі мақсат – қарашаның саны емес, елімізде тұрып жатқан бұқараның әрбірі жайлы кеңінен ақпар жинау. Осылайша демографиялық көрсеткіш таразыға салынады. Ал, санақ  қос түрлі әдіспен есептелмек. Біріншісі – заманауи ақпараттық технологиялар көмегімен, кейінгісі – портативті есептеу құралдары арқылы. Айта кетейік, дәл осындай айти құрылғылар көмегімен санау-саралау науқаны  алғаш рет қолға алынып отыр дейді жиындағылар.  Демек, интернет арқылы азаматтар өзіне және өзінің жанұясы жайлы санақ парақтарын толтырып, ақпар бере алады. Бұдан бөлек, 2 кезең бойынша планшет көмегімен жаппай аралау басталады. Ескеретіні, онлайн режимге қатыспағандарды жауаптылар жекелей тексеріп-аралауы міндетті. Ал, санаудың тіпті сауалдары да өзгереді. Мәселен, азаматтардың табысы, көшіп келіп-келмегендігі  тағы да басқа  сұрақтар сұралмайды.