Күні кеше елімізде емтихан өтті, жәй бір сынақ емес жыл сайынға науқан болған Ұлттық бірінғай тестілеу. Мұғалімдер мен түлектер үшін басты сынақ мерзімнен кеш басталып отыр. Айта кетейік, емтиханнан мүдірмей сыннан, сүрінбей өткен түлектер үшін биыл қосымша жиырма мың грант бөлініп отыр. Сан саладан қойылар сауалдарда 50 пайызға жаңарыпты. Сонымен, бүгінгі ҰБТ-дан біз не күтеміз. Бұл туралы Жамбыл облысы білім басқармасы орта білім бөлімінің бас маманы Қалыбаева Жанна Абышбайқызы айтып берді.

— Жаңа форматтағы ҰБТ былтыр ғана қабылданды, жұрттың еті үйренді ма осыған?

—  Енді үйренген, түсінген секілді. Оның алдында бір жыл жұмыс істедік дұрыс қабылдап жатыр ата-ана, жұртшылық дұрыс қабылдап жатыр. Енді биылғы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бұйрығымен 25 мамырда оқу жылы аяқталды. Биыл облыс бойынша бізде 9592 бала мектепті бітіріп отыр, оның ішінде 240 бала алтын белгі иегерлері болды, 198 бала үздік аттестатқа бітірді. ҰБТ-ға келетін болсақ, ҰБТ 1- кезеңі жаңа форматтағы кезең, ал екінші кезеңі мектеп бітіруші түлек өз еркімен өзі таңдаған ЖОО-нына барам деген бала ҰБТ тапсыруы қажет. Енді биылғы жылы бізде 6082 бала облыс бойынша сондай ниет білдіріп отыр.

— Енді биылғы тестілеуде қандай өзгеріс бар, түлектерді не күтіп тұр биыл?

— Енді өзгеріс болғанда былтырғы жылға қарағанда биыл бала өзі тілді таңдауы өз еркінде қазақ тілінде тапсырам десе де, орыс тілінде тапсырам десе де, сонымен қатар ағылшын тілінде де тапсыруға болады. Бұл бірінші өзгеріс жаңағы ҰБТ-ға енгізілген. Тағы өзгерістер бұл жерде мысалы, былтыр қазақ тілі мен әдебиетті таңдаған бала былтыр қазақ тілі мен тарихты тапсырған таңдау пәні ретінде. Биылғы жылғы ерекшелігі қазақ тілімен әдебиетті тапсырған бала қазақ тілімен қазақ әдебиетінің пәндерінен тапсырады, тарихты алынып тасталды. Тарихпен бірге жалпы тарихты тапсырса жаңағы таңдаған пәндермен бірге биыл дүние жүзілік тарихты тапсырады міне осындай өзгерістер болды. Қалғандарының бәрі тура сол былтырғыдай форматта өтеді.

— Енді емтихан бұрынғыдай бер кезең емес екі кезеңнен тұрады мысалы жалпы реформа екі жыл болды өзінің нәтижелілігің өңімділілігін беріп жатырма, қалай ойлайсыз сіз? Бұрынғыға қарағанда қалай өзгерді қазір?

— Енді бұл жерде бұрын кез келген түлек тапсырғысы келсе де, келмесе де баратын. Тіпті колледжге де баратын бала ҰБТ тапсыратын. Ал енді, бұл жерде тек қана ЖОО-нына барам деген бала ҰБТ тапсырады. Ал колледжге барам деген бала өзінің колледжіне барып сол жерде емтихан тапсырады да әрі қарай оқуларын тапсыра береді. Сондықтанда бұл оқушыларға үлкен мүмкіндік деп ойлаймын.

— Бармақ басу, көз қысу ондай болмай ма екен?

— Ондай болмайды. Бұл жерде 10 пунктте өтеді. Оның екеуі Тараз қаласында. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті базасында, ал екіншісі Тараз мемлекеттік педагогкалық университетінде болады. Ал қалғын сегізі аудандарда. Енді бұл жерлерге Білім және Ғылым министрлігінің өкілдері келеді. Бүгінгі күні біздің облысқа 106 өкіл келді. Бізде осы 10 пунктте 91 аудитория жұмыс істейді  . Осы  91 аудиторияда балалар емтихан тапсырады . Сол тоқсан бір аудиторияға 106 өкіл өздері қадағалау жұмытарын жұргізеді. Біздің барлық пункттар техникалық құралдар мен жабдықталған. Биыл жылғы тағы бір жаңашылдық онлайн трансляцияға қосылып отыр. Әр аудиторияда тес тапсырып отырған балаларын  ата-аналар пароль алып үйлерінен көру мүмкіндігі бар.

— Грант саны көбейді ол да жақсы жаңалық тұр биыл.

— Биыл өте жағымды жаңалық 20000 грант бөлініп жатыр. Қазіргі таңда техникалық мамандар тапшы болғандықтан, гранттардың басым бөлігі осы мамандықтарға бөлінеді.

Жыл сайын ҰБТ науқаны таяған кезде бізде әлгі әккілер шығады иә қулар шпор деймізғой жасырын жасап соны сататын.

— Енді біз биылғы жылы осы мәселе туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздік ата-аналар, мұғалімер арасында оқушылар арасында ондай шпоргалкалар телефонда қолдануға болмайды, шпоргалка сатып алуға болмайды деген жыл бойы үздіксіз жұмыс жүргіздік.Сол нәтиже береді деп сенеміз.

— Шығармашылық емтихан жайылы айтып берсеңіз…

— Шығармашылық емтиханда бала енді екі пәнді тапсырады, қалған екі пәнді өзінің таңдаған ЖОО оқу орнында тапсырады. Түлек 140 былдың жартысын алып шығу керек.

Бізге осы мәселені қарастырамыз деген кезде біздің әлеуметтік желіге бір сұрақ келіп түсті, Түлек жазыпты: — Мен ҰБТ тапсыра алмай қалсам шығармашлық емтихан тапсырып сол жақтан грантқа түсе салам  деген.

— Жоқ олай емес. Былтырдан бері балалар мынадай ҰБТ дан өтпей қалса ол келесі жылға қалатын. Ал былтырдан бастап балалар ҰБТ өтпей қалса ол тамыз айында кешенді тестілеуге қатыса алады. Барлық бала тіпті қалып кеткендері де тамыз айында тапсыра алады. Ал егер де одан да өте алмай қалса, ЖОО түсем деген ниеті болса оқу орыны оны қабылдай береді. Бірақ қаңтар айында ол қайтадан тапсырады, содан әрі қарай оқуын әрі қарай жалғастырады. Ал егер оданда өте алмай қалса онда оқудан шығарылады.