Фото: Санат Аралбек

Тараз. 77news — Жамбыл облысында шомылу маусымы басталғалы 7 адам ажал құшқан. Олардың дені бүлдіршіндер. Төтеншеліктер аяқтан тік тұрып өзен көл маңын күзетсе де, қайғылы оқиғалардың алдын алу мүмкін болмай тұр, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Аптап ыстық алқымнан алғанда ереже елеусіз қалып, халық өзен көлді жиі жағалайды. Сақтық шараларын естен шығарған соң, арты қайғылы жағдаймен аяқталады. Биыл жыл басынан бері 7  адам ағын суда ажал құшқан.  Бәрі де өзім білемдікке салып, білместіктен суға батқан. Тек біреуі балық аулап жүріп жан тапсырыпты. Төтеншеліктер  тұрғындар «тыйым салынған» деген тақтайшаны көрседе, көз жұма қарайды,  — дейді.

Қауіпсіздікті қадағалап, күн ұзаққа кезекшілер тұрса да өткен дүйсенбіде  тағы бір жеткіншек суға кетті. Қайғылы жағдай Ақбұлым аулындағы «Базарбай» арнасында орын алған.

Жаз — демалыс маусымы. Демек, халық су айдындарын жағалайтыны сөзсіз. Яғни, төтеншеліктердің де тірлігі қыза түседі.  Десе де демалыстың соңы қайғылы оқиғаға ұласпасы үшін, адамдардың да   сақтық пен қауіпсіздікті ұмытпаған абзал.