Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Алаш жұртының асқақ айбары – ару Астанаға 20 жыл! Осыған орай,  Жамбыл облысында Астана күніне тарту ретінде 20 әлеуметтік және басқа да нысандар ашылмақ, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

20 жылдыққа арналған 20 нысан қатарында: 8 балабақша, 5 спорт нысаны, 1 ауыл шаруашылығы кооперативі және т.б бар. Тіпті, бұл мекемелердің ашылуына жеке кәсіпкерлер мен құрылтайшылар да өз үлестерін қосуда. Облыстық қазынадан қомақты бөлінген қаржының бірі — Талас ауданы, Қаратау қаласында 70 пәтерлік тұрғын үй кешенін салуға жұмсалды. Бюджеттен 227, 5 млн қаржы бөлінген.  Мұның бәрі ел игілігі үшін іске асырылып отыр, — дейді жауаптылар. Ал бұл нысандардың ашылуы өз кезегінде, аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға септігін тигізбек.

Назарларыңызға 20 жылдыққа тарту ретінде ашылатын 20 нысанның тізімін ұсынамыз.

Атауы Мекен-жайы
1 50 орындық «Зерде» жекеменшік бөбекжайы Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылы, Жібек жолы көшесі, №122/А
2 75 орындық «Ерік ата» балабақшасы Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі, №284
3 100 орындық  «Ерсұлтан» жекеменшік балабақшасы Меркі ауданы, Ақтоған ауылы
4 100 орындық «Асыл перзент» жекеменшік балабақшасы Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы
5 75 орындық «Нұр-Аш» жекеменшік балабақшасы Шу ауданы, Төле би ауылы
6 75 орындық «Лашын» жекеменшік балабақшасы Шу ауданы, Төле би ауылы
7 50 орындық «Елдана» балабақшасы Қаратау қаласы, Саңырық батыр көшесі, №10
8 200 орындық «Керімбала» балабақшасы Қордай ауылы, Жібек-жолы көшесі, №213
9 Тарихи өлкетану музейі Қасық ауылдық округі, Әлжан ана ауылы, Н.Тілеубай көшесі, №35
10 320 көрерменген арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені Қордай ауылы, Балуан Шолақ көшесі, №44/Б
11 «Көкжиек-2030» ЖШС Сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын Тараз қаласы, Исатай батыр көшесі, №7/А
12 Облыстық олимпиадалық резервтің арнайы мектебі үшін 3 ангарлық спорт зал Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, №/9
13 60 орындық кіші футбол алаңы Әлжан ана ауылы, Н.Тілеубай көшесі, №30/Б
14 Тараз қаласы, Абай даңғылы 109 велосипед және спорттың су түрлері бойынша облыстық арнайы балалар-жасөспірімдер №4 мектебінде велосипед базасы Тараз қаласы, Абай даңғылы, №109
15 Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені Құлан ауылы, Жібек жолы көшесі
16 Күн электр станциясының екінші кезеңі (50 МВт) Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы
17 20 келушіге арналған фельдшірлік пункт Әлжан ана ауылы, Н.Тілеубай көшесі, №30/А
18 70 пәтерлік тұрғын үй Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, 5 мөлтек ауданы, №51
19 Ас тұз өндіретін зауыттың құрылысы Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы
20 «QASYQ» ауыл шаруашылығы кооперативі Қордай ауданы, Қасық ауылдық округі, Әлжан ана ауылы