Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Жамбыл облысының түлектеріне арналған басты емтихан аяқталды. 20, 21, 22, 23, 25 маусым күндері өткен ҰБТ-ға өтініш берген 6082 түлектің 6048-і қатысты. Бұл 11-ші сыныпты тәмамдаушылардың жалпы санының 99,4 пайызын құрайды, — деп хабарлайды 77news.kz АА тілшісі.

Тестілеуге қатыспаған 10 оқушы денсаулығына байланысты босатылса, қалған 24-і ҰБТ қатысудан бас тартты. Облыс бойынша ең жоғары нәтижеге Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы орта мектеп түлегі Уралов Ақылжан қол жеткізді. Ол 137 балл жинады. Ал Тараз қаласы №12 мектеп-гимназиясының түлегі Әбілова Ұлдана, Мойынқұм ауданы Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының түлегі Мақсұтбекқызы Аружан, облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің түлегі Махулбекова Қарлығаш және Байзақ ауданы Көктал орта мектебінің түлегі Дәуренқызы Асылзат 136 балл жинады.

Облыс бойынша ҰБТ-ның орташа баллы – 89,4 құрады (2017 жылы – 77,9 балл). 2141 түлек 100-ден жоғары балл жинаса (2017 жылы 1293 түлек), 5411 мектеп бітіруші шекті деңгейден өтті. Шынайы білімді тексеруде бармақ басты, көз қыстылыққа жол берілмеді. Тестілеу кезінде ешқандай тәртіп бұзушылық тіркелмеді. Әрбір сәт құқық қорғау органдары мен мемлекеттік комиссия өкілдерінің бақылауында болды.

— «Дарын» мектеп интернаты – 123,9

— Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернаты – 112,9

— Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп – 111,6

— Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-интернаты – 106,9

— Байзақ ауданы – 100,6

— Жуалы ауданы – 99,7

— Жамбыл ауданы – 99,1

— Меркі ауданы – 94,4

— Мойынқұм ауданы – 87,2

— Тараз қаласы – 84,3

— Т.Рысқұлов – 83,2

— Қордай ауданы – 82,8

— Талас ауданы – 80,1

— Сарысу ауданы – 78,9

— Шу ауданы – 78,5